СҚО-дағы ауыл әкімі қызметтік көлігінін мас күйде жүргізген

Авторы: Qyzyljar News

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Юбилейный ауылдық округінің әкімі Бүркіт Шекеновке қатысты тәртіптік істі қарады. Шенеунік мас күйінде қызметтік автокөліктің рөліне отырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бір ай бұрын Юбилейный ауылдық округтінің әкімі Бүркіт Шекенов елордаға іссапардан оралып, Сергеевкадағы жол бойындағы кафеде ішімдік ішіп қызметтік көлігіне мас күйінде отырған.

— Қызметтік тергеу аясында ағымдағы жылдың 10 қазанында Бүркіт Шекенов көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам ретінде Сергеевка қаласының Бейбітшілік көшесімен келе жатқаны анықталды. Түн ортасында оны аудандық полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру үшін тоқтатқан. Белгілі болғандай, жүргізушінің мас болғаны анықталды. Сот қаулысына сәйкес, ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК — нің 608-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға кесілді, — деді мемлекеттік қызмет саласындағы басқарма мен бақылаудың бас маманы Абзал Оразамбетов.

Өз кезегінде Юбилейный ауылдық округінің әкімі өз кінәсін толық мойындады.

¬- Мен өзімнің теріс қылықтарымды шектен шыққан деп санаймын және бұл жасаған жайтым үшін өкінемін. Бұл ісім барлық мемлекеттік қызметшілердің абыройына нұқсан келтіретінін түсінемін. Кінәні және жауапкершілікті толық мойындаймын, — деді Берік Шекенов.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Берік Шекеновты жұмыстан шығаруды ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz