Петропавлда ұлттық жоба аясында келер жылы 4 мектептің құрылысы басталады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы 3300 балаға шақталған 4 мектептің құрылысы қолға алынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Президенттің тапсырмасымен жасалды. Оның аясында Петропавлдағы Копай шағынауданында 1200 орындық, Жас өркен шағынауданында 900 орындық, Орман мен Берекеде әрқайсы 600 орындық – барлығы 4 білім ордасының құрылысы басталмақ. Осылайша екі ауысымда ол жерде 6 мыңнан астам бала білім алады.

Ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің құрылысы келер жылы басталады. Ол нысандар жаңа талапқа сай болады. Мәселен, бірнеше спорт залы, үлкен асханалары қарастырылған және заманауи оқу қондырғысымен жарақтандырылады, — деді СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев.

Қазір СҚО-ның Тайынша ауданында 600 орындық және Виншневка елді мекенінде 120 балаға шақталған екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Петропавлдағы Береке шағынауданында пилоттық жоба – 300 оқу және 50 жатын орны бар коррекциялық мектеп салынып жатыр.

— Іске асқан жобалардың бірі – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқу-зертханалық корпусы. 18 700 шаршы метрді алатын 11 қабатты нысанда түрлі сала бойынша 68 зертхана бар. Студенттер арасында жатақхана жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында 12 қабатты 1200 орындық жатақхана салынып жатыр. Ол 2023 жылдың соңында пайдалануға беріледі. Екі 9 қабаттық, 488 орындық жатақхана спорт колледжіне және университетке салынып жатыр, — деді Сәтжан Аблалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz