Қазақстанда толық емес отбасыларға жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау ұсынылып отыр

Авторы: Qyzyljar News

Сенатта «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова толық емес отбасыларды қолдаудың жаңа шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ләззат Ибрагимова банкке толық емес отбасылардан өтініштер көп түсетінін атап өтті.

— Субсидияланатын жалдау төлемдері түріндегі көмек алуға құқығы бар санаттар тізбесін отбасының әрбір мүшесі үшін кейінгі алты айда отбасының ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары жиынтық табысы бар «толық емес отбасылар» санатымен толықтыру ұсынылады.- дейді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, бұл шара халықтың осы санатындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетеді. Себебі олар «Бақытты отбасы» бағдарламасынан жылдық 2 пайызбен несие беруден шығарылды. Бұл ретте олар 5 пайызбен несие беру мүмкіндігімен «Шаңырақ» бағдарламасында қалды. 2022 жылдың 3 қазанында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол толық емес отбасылардың «Бақытты отбасы» бағдарламасынан неліктен шеттетілгенін түсіндірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz