СҚО-да дінтанушылар жедел уәкілдерге экстремистік ұйымдар туралы айтып берді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да дінтанушылар жедел уәкілдерге экстремистік ұйымдар туралы айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

“AQNIET” орталығы өкілдерімен өткен кездесудің негізгі мақсаты — Полицейлердің діни экстремизмге қарсы күресте біліктілігін арттыру .СҚО полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “AQNIET” ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының өкілдері шақырылды. Дінтанушылар халықпен күнде тығыз қарым-қатынас жасайтын жедел бөліністердің қызметкерлеріне сабақ өткізді. Іс-шара қонақтары салафизм идеологиясының дәстүрлі ислам нормаларынан айырмашылығы, діни экстремистік ұйымдардың тарихы туралы айтты. Бұдан бөлек, күнделікті қызметте пайдаланылатын басқа да қажетті мәліметтермен бөлісті.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы айтып өткендей, жедел бөліністерде аз уақыт қызмет етіп жүрген жас қызметкерлерді ақпараттандыруға баса назар аударылған. Оларды деструктивті діни ағымды ұстанып жүрген адамның белгілерін танып білуге, қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін экстремистік ағымдардың жақтаушыларының психологиясын түсінуге үйрету аса маңызды. Біліктілікті арттыру – қызметтік міндеттерді тиімді атқаруға және адамдардың заңды құқықтарын қорғауға септігін тигізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz