Петропавл 2-ЖЭО штаттық режімде жұмыс істеп тұр

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл 2- ЖЭО штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Петр Богданов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петр Богдановтың айтуынша, бүгінгі таңда жеті қазандық агрегаты жұмыс істесе, тағы екеуі резервте тұр. Бүгін №6 қазандықтың, желтоқсан айында №3 қазандық қондырғысының жөндеуі аяқталады.

— Ауа температурасының — 27 градусқа дейін төмендеуі қазандықтардың жұмыс істеуіне еш әсерін тигізбеді. Станция бекітілген температура кестесі бойынша жұмыс істеп тұр. Жылыту маусымы басталғаннан бері тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ. Үйлердегі жылу болады. Алаңдауға негіз жоқ, — деп сендірді Петр Богданов.

Қазір Петропавл 2- ЖЭО екі түтін құбыры жұмыс істейтінін айта кеткен жөн. Үшіншісінің құрылысы келесі жылдың көктемінде басталады деп күтілуде. Петр Богдановтың айтуынша, бүгінгі таңда жобаның 90% дайын.

— Құбыр құлаған кезде қазандық цехына үлкен зақым келген жоқ. Түтін соратын бөлімнің қысымы жоғарылағаны байқалды. Негізгі мәселе мұржаны бөлшектеуде болды. Алдымен қолмен бөлшектелсе, кейіннен техниканың көмегі қажет етті. Қазір стансада екі құбыр жұмыс істейді. 2-ЖЭО — да барлығы 11 қазандық бар, — деді Петр Богданов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz