СҚО-да ит пен мысыққа чип салынып жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында ит пен мысыққа чип салынып жатыр. Ал келер жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын есепке алу міндеттелмек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, биыл елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Онда жануарларды асырау қағидалары және оларға адамгершілікпен қарау талаптары реттелген. Мәселен, иелерінің үй жануарларының өмірі мен денсаулығына жауапкершілігі және оларды қатыгездіктен қорғау көзделген. Сонымен қатар заң иттердің бос жүруіне тыйым салады. Ал 2023 жылдың 1 қыркүйегінен үй жануарларын тіркеу міндеттелмек.Осыған байланысты Петропавлда үй жануарларын есепке алуға байланысты жұмыстар басталып кетті. Осы уақытқа дейін 30-ға жуық ит-мысық тіркелді.

– Есепке алынатын үй жануарларының тізіміне ит, мысық, шиншилла, теңіз шошқасы, сәндік егеуқұйрық, тасбақа, ергежейлі шошқа кірді. Ит пен мысықты тіркеу міндеттелсе, қалғанын иесі ерікті түрде құжаттай алады. Үй жануарларын есепке қоюға ветеринария клиникалары, панажайлар, жануарларды аулау қызметтері, питомниктер және оңалту орталықтары жүзеге асырады. Бүгінде СҚО-да «TANBA» жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, онда жеке кабинет ашып, үй жануарларын тіркеуге мүмкіндік бар, — дейді СҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Наталья Тараканова.

Жалпы, тіркеу екі кезеңмен жүзеге асырылады. Алғашқысында жануар және оның иесі туралы мәлімет ақпараттық базаға енгізіледі. Ол жерде жануарға берілген ЖСН, тұрғылықты жері және байланыс нөмірі көрсетіледі. Екінші кезеңде жануар тексеріліп, оған чип енгізіледі.

– Чип – бұл электронды төлқұжат. Осы уақытқа дейін 15 жануарға чип салдық. Бұл ауыртпайды, кейін де асқыну болмайды. Яғни ит-мысыққа еш зиян келмейді, — дейді ветеринар дәрігер Наталья Кине.

Қазір Петропавлда чип салумен айналысатын 7 ветеринария орталығы бар. Бұл қызмет ақылы, алайда тұрмысы төмен отбасылар үшін ол тегін жүргізілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz