Тимофей Скатов Португалиядағы турнирдің екінші кезеңіне өтті

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов Португалияның Майя қаласында өтіп жатқан ATP Challenger сериясында алғашқы жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда румыниялық Николас-Дэвид Ионельді үш сетте – 3:6, 7:6 (3), 7:5 есебімен ұтты. Енді ширек финалдық кезеңге шығу үшін Скатов Максимилиан Нойчрист (Австрия) мен Джоао Домингеш (Португалия) арасындағы матч жеңімпазын күтеді. Тимофей Скатовтан бөлек тағы бір қазақстандық тенисші Денис Евсеев украиналық Виталий Сачкомен бірге поляк-австриялық Карол Држевицки – Максимилиан Нойхрист дуэтімен ойнап, үш сетте 5:7, 7:6, 10:4 есебімен жеңіске жеткенін айта кеткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz