Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылықтары жыл бойы ормандарда патологиялық мониторинг жүргізіп, 90,5 мың гектардан астам жерді зерттеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша, 3,5 мың га орманға санитариялық-сауықтыру шаралары қажет болған. Бүгінгі таңда 1,1 мың гектар жерде қоқыс жиналып, құстарға арналған 211 ұя жасалды.
— Жүргізілген тексерістің нәтижесінде орман зиянкестерінің дамудың ерте сатысындағы ошақтары анықталды. Ағаштардың сапасы нашарлауын болдырмау және санитариялық жағдайын жақсарту мақсатында алдағы 2023 жылға санитариялық-сауықтыру іс-шаралары жоспарланды. Барлық алаңдар ерекше бақылауға алынды, — деп хабарлады басқарма өкілдері.