СҚО-да ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін 36 жастағы әйел бес баласынан айырылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін 36 жастағы әйел бес баласынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауданы Абай орта мектебінің әкімшілігі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында Петерфельд ауылында тұратын көп балалы ананың ата-аналық міндеттерін орындамауы жөнінде мәселе көтерді.⠀

— 36 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған 5 баласы бар. Үлкені 17-де болса, кішісі екі жаста. Әйелдің ішімдік ішіп, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын анықталды. Отбасы күрделі жөндеуді қажет ететін үйде тұрады. Онда балаларды тәрбиелеу тұрмақ, өмір сүруге жағдай мүлдем жоқ, — делінген СҚО білім басқармасы жариялаған ақпаратта.

Әйелге тұрғын үй жағдайын жақсартып, үй алып балаларымен бірге тұру мүмкіндігі туралы айтылды. Сондай-ақ, оған мектепте техникалық персоналдың қызметкері ретінде жұмысқа орналасып, атаулы-әлеуметтік көмек рәсімдеу ұсынылды.

— Жұртшылық отырысының шешімі бойынша көпбалалы анаға 21 қарашаға дейін жұмысқа орналасуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға уақыт берілді. Бірақ отбасын бақылау кезінде 28 қарашада кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары кәмелетке толмаған балалардың тұрғын үй жағдайлары жақсармағанын, олардың үйде қараусыз қалып жүргенін анықтады. Анасы байланысқа шықпай, телефон қоңырауларына жауап бермеді, — деп атап өтті басқармада.

Өткізілген іс-шаралар барысында әйелдің шамамен орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік туды. Белгілі болғандай, ол бірнеше күн бойы ішімдікке салынып, ферма аумағында жүрген. Осыдан кейін комиссия үлкен балаларды «Айыртау ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына», ал кіші баланы балалар үйіне жіберу туралы шешім қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz