340
Петропавлда жылусыз қалған 90-нан астам тұрғын үй желіге қайта қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жөндеу жұмыстарының барысы туралы айтып берді.
— Кеше № 28 жылу магистраліндегі технологиялық бұзушылықты толығымен жойылып, 11 метр құбыр ауыстырылды. Сағат 23: 00-де барлық көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке сектор жылумен қамтамасыз етілді, — деді Руслан Аңбаев.