Петропавлда 1700 литрден астам контрафактілік алкоголь тәркіленді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда полицейлер жер үйдің ауласынан 1700 литрден астам контрафактілік алкоголь тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ішімдіктің салдарынан орын алатын қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл – полицейлердің профилактикалық жұмыс жүргізудегі маңызды бағыттарының бірі. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел ақпаратты тексеру барысында Петропавлдың жұмысшы кентінде контрафактілік өнімнің тағы бір қоймасын анықтады.61 жастағы жергілікті тұрғынның қорасынан әртүрлі маркалы акцизденбеген 4 мың қорап темекімен бірге 1735 литр арақ пен коньяк тәркіленді. Алынған өнімнің үлгілері сараптамаға жіберілді. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша материал жиналды.

– Заңсыз өнім экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жүргізген жұмысы нәтижесінде тәркіленді. Қазіргі уақытта тәркіленген өнімнің қайдан алынғаны және өткізу жолдары анықталуда. Сапасына ешкім кепілдік бермейтін заңсыз спирт өнімін пайдалану денсаулыққа қауіпті екендігін ескертеміз. Бұдан бөлек, спирттік ішімдіктер ауыр қылмыстардың жасалуына себеп болады, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz