Кабинеттері суық Петропавл мектебі жылу үрлегіш пайдалануға мәжбүр

Авторы: Qyzyljar News

Аязға шыдас бермеген Петропавлдағы жаңа білім ордасы – М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейдің кабинеттері жылу үрлегіш құралдармен жылытыла бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Былтыр ғана пайдалануға берілген мектептегі жағдаймен Солтүстік Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысы Алена Мальгаева барып танысты.Департаменттің мәліметінше, Петропавл білім бөлімі және мектеп әкімшілігі сынып бөлмелеріндегі температураны қалыпқа келтіру үшін бірқатар шараны қолға алды. Қазіргі уақытта мердігер компания кепілдік мерзімі өтпегендіктен өз есебінен олқылықтарды жойып жатыр. Терезедегі шұрық-тесіктерді бітеп, желдету жүйесін жөнге келтірді.

— Жылыту жүйесіне неғұрлым қуатты сорғыны сатып алу туралы шешім қабылданды. Бастауыш сынып оқушылары оқитын корпусқа жылу үрлегіш қондырғылар уақытша қойылды. Бұл шаралар кабинеттердегі температураны 20-22 градусқа дейін көтеруге мүмкіндік берді. Балалар штаттық режимде білім алып жатыр. Мәселе тиісті құрылымдардың тұрақты бақылауында, — делінген департамент жариялаған ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz