Петропавлда жарылған су құбыры қалпына келтірілді

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда жарылған су құбырын мамандар қалпына келтірді. Апаттың салдарынан облыс орталығындағы екі аудан тұрғындары тәулік бойы сусыз отырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Апат орнында құбырды қалпына келтіру жұмысының аяқталғаны жөнінде Петропавл әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қала басшысы осылайша құбырды жөнге келтіру жұмыстарының барысынан хабардар етіп отырды.

– Жөндеу жұмыстары аяқталды. Кейін үйлерге су беріледі. Осы ретте «Қызылжар су» ЖШС-і мен жұмысқа жұмылдырлыған барлық коммуналдық қызметтерге алғысымды білдіргім келеді. Құрметті қала тұрғындары! Уақытша туындаған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймын, — деп жазды Руслан Аңбаев.

Естеріңізге салайық, 12 желтоқсан күні сағат 1.00 шамасында Петропавлдағы 314-ші атқыштар дивизиясы көшесінде суық су құбыры жарылып, қалада су қысымы төмендеп кетті. Кейін басқа аудандарда сумен қамту қалыпқа келгенімен Береке шағын ауданы мен Жұмысшы кенті тәулікке жуық сусыз отырды. Жайылған су темір жолды басып, екі пәтерлі 10 үйдің ауласына және кәсіпорынның аумағына кірді.

«Қызылжар Су» ЖШС-нің атқарушы директоры Арман Сауытов мердігер фирманың жойылуына байланысты барлық шығынды өтейтіндіктерін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz