СҚО полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Операция желтоқсанның 12-сі басталды. Полиция қызметкерлері екі күнде тұрғылықты жерлері бойынша 1300 «есептегі тұлғаны» тексеріп, отбасылық жанжалқорлардың мінез-құлықтарына қойылған ерекше талаптардың 6 бұзушылығы, шартты түрде мерзімінен бұрын босату режімінің 7 бұзушылығы анықталды. Сондай-ақ, қараусыз қалған ғимараттар, саяжай үйлері, жалдамалы пәтерлер тексерілді. Түнгі рейдтер барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруіне қатысты 38 факті анықталды, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, криминогендік факторларды төмендету, — Бірқатар аудандардың тұрғындарынан ИЖ-58 и ТОЗ-БМ, ТОЗ-34 ЕР тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтары, сондай-ақ маркасы әзірше белгісіз 4 мылтық алынды. Алынған барлық мылтықтар сараптамаға жіберілді. М.Жұмабаев ауданының және Петропавл қ. тұрғындарынан ойық ұңғылы қаруларға колибрі 5,6 және 5,45 патрондар табылды. Петропавл қаласының аумағында іздеудегі екі қылмыскер анықталды. Мамлют ауданының 48 жасар тұрғыны Қазақстан Республикасының ҚК 430-бабы (сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) бойынша іздеуде болған. 44 жасар петропавлдыққа мас күйде көлік басқарғаны үшін ресейлік полиция іздеу жариялаған, көрші мемлекеттің заңнамасына сәйкес бұл бап қылмыстық жауапкершілікті қарастырады, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.
Екі күнде облыс жолдарында 7 мас жүргізуші ұсталды. Облыс бойынша барлығы 744 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 125-і қоғамдық орындарда мас күйде жүру, 48 фактісі отбасылық зорлық-зомбылық, 31 фактісі жүргізушілердің жылдамдық режімдерін бұзуы.
Фото: СҚО ПД.