СҚО-да он алты мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ел тағдырын айқындайтын тәуелсіздік. Осындай атаумен облыстық архивте жиын өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі  mtrk.kz сайтына  сілтеме жасап.

Шара барысында қатысушылар назарына бұрын-соңды көрсетілмеген 300-ден астам құжат ұсынылды. Сонымен қатар, Алаш қайраткерлерін қолдау мақсатында өткізілген жиналыс орындары да табылған. Бұл орындар Жамбыл мен Шал ақын аудандарында орналасқан. Оған қоса, М.Жұмабаевтың жергілікті тұрғындарды Алаш қайраткерлерін қолдауға шақырғанын растайтын құжат та анықталған. Өңірде 16 мың адам саяси қуғын-сүргінге ұшырапты. Олардың жартысы ақталып, босатылған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, қуғын-сүргінге ұшыраған өзге солтүстікқазақстандықтардың есімдері анықталды.

—  Анықтаған уақытта арнайы архивтерде жұмыс істеп, осы есімдердің ішінде облыстық қазақ театрының алғашқы басшысының Алаш идеясын қолдағаны анықталды. Алаш туралы спектакльдер мен пьесалар қойғаны үшін 37-ші жылы қуғынға ұшырағаны жөнінде бірінші рет құжаттарды көрсетіп тұрмыз. Кейін оның туыстары да қудалауға ұшыраған. Сонымен қатар, осы қазақ театрының бірінші ұжымының тізімін де анықтадық, — деді    Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

 

Фото: ашық дереккөдерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz