Финляндияда пара биатлон мен шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңінің сайыстары өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде ел намысын солтүстікқазақстандық спортшылар да қорғауда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарыстың алғашқы күнінде ұлттық құрама сапында Ербол Хамитов пен Александр Герлиц парашаңғыдан сынға түсті. 800 метрлік қашықта Ербол күміс жүлдеге қол жеткізсе, Александр 4-ші орынға тұрақтады.
– Алғашында қарсыластарым оза шауып, мен артта қалған болатынмын. Кейін мәреге жақындағанда жылдамдық қосып, сызықты екінші болып кестім. Алда әлі сайыстар бар. Онда алтын медаль алу үшін барымды саламын, – дейді Ербол Хамитов.
Кейін жерлесіміз Александр Герлиц парабиатлон жарысына қатысты. 12 жарым шақырымдық қашықта солтүстікқазақстандық спортшының айы оңынан туды. Осылайша Александр қола медаль еншіледі.
Фото: ашық дереккөздерден.