Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров жыл соңына дейін өңірдегі барлық аудандарға бармақ, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Қызылжар ауданындағы өндірістік және әлеуметтік нысандарға бардым, ал кездесуде жұмыс жоспары белгіленді. Тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді. Жақында облыс бюджетін бекіттік, аудандардың барлық өтпелі және жаңа жобалары қолдау тапты. Қызылжар ауданында жөндеу науқаны жалғасады. 2023 жылы Шаховское мен Рассвет ауылдарының кіреберісі жөнделмек. Петерфельд, Прибрежное, Вагулино, Новокаменка, Малое Белое, Бескөл, Налобино, Трудовое, Новоалександровка, Соколовка, Вознесенка, Олшанка және Красная Горка ауылдарында көше жолдары жөнделеді. Чапаево және Петерфельд ауылдарын сумен қамту жақсарады. 2023 жылы Якорь және Прибрежное ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталады. Пеньково мен Налобинодағы ауылдық клубтарды жаңартамыз,  — деп жазды өңір басшысы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында.

Сондай-ақ Есіл ауданындағы нысандарды аралап, халықпен кездесу өткізді. Онда ауданның 2023 жылға арналған даму жоспары талқыланды. Білім беру, денсаулық сақтау, ауылдық инфрақұрылым салаларына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

-2023 жылы Покровка – Ильинка – Мектеп жолын күрделі жөндеу аяқталады, Бесқұдық ауылына кіреберіс жол қалыпқа келеді. Сондай-ақ Чириковка, Николаевка, Тарангул, Бұлақ ауылдарының ішкі жолдарын жөндейміз. А.Игібаев мектебінің интернатын, Покровка мен Николаевкадағы дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеуден өткіземіз. Аудандық ауруханада УЗИ аппараты орнатылады. Сонымен қатар, ауданда дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу қажет, — деді Айдарбек Сапаров.

Өңір басшысы  ең алғаш болып шалғайдағы Уәлиханов пен Ақжар аудандарына барды. Қос ауданда әлеуметтік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысып, ауыл тұрғындарымен жүздесті.  Кездесулерде аудандардың даму жоспары талқыланып, өзекті мәселелер көтерілді. Кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының ұсыныстарын бақылауға алып, келесі жылы атқарылатын жоспарға қосатынын атап өтті.

Фото: ашық дереккөздерден.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz