Айдарбек Сапаров жерлес спортшыларды құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Желтоқсан айында солтүстікқазақстандық спортшылар бізді әлемдік аренадағы сәтті өнерімен қуантуда, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

Осыған орай өңір басшысы жеңіске жеткен жерлестерімізді құттықтады.

-Біздің паратлетшілеріміз Александр Герлиц, Ербол Хамитов және Сергей Усольцев Финляндияда шаңғы спорты мен парабиатлоннан Әлем кубогында жеке және командалық сында әртүрлі жүлделерді жеңіп алды. Айта кету керек, Ербол Хамитов парабиатлоннан Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Канадада өткен коньки спортынан Әлем кубогының кезеңінде Надежда Морозова күміс пен қола медаль  алса, Виталий Щиголев қола жүлдегер атанды.

Жергілікті жігіттер Владислав Чечета, Арман Темірболатов пен Илья Яковлев Малайзияда футзалдан есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды.

«Қуаныш» волейбол клубы өз тарихында алғаш рет клубтар арасында Түркияда өткен Әлем чемпионатына қатысты.

Тағы бір жаңалық Тайландтан келді. Нұрсұлтан Жақыпов кикбоксингтен Азия чемпионы атанды, Данияр Жарасов қола медальға  ие болды.

Спортшылар мен бапкерлерді маңызды жетістіктерімен құттықтаймын, алда жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер!,- деп жазды Айдарбек Сапаров.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz