Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары 6 жаңа автокөлік алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құрылымында 13 аудандық, бір қалалық басқарма бар,   деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның санитариялық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырды. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республикалық бюджет есебінен ел бойынша 132  автокөлік сатып алды, оның ішінде 6 автокөлік Солтүстік Қазақстан облысына бөлінді.Автокөліктер өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қызмет ететініне сенімдімін. Профилактикалық жұмыс шеңберінде мамандар ауру ошақтарына бару арқылы аймақта жұқпалы аурулардың таралуын анықтап, алдын алады, — деді СҚО санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Сенімді автокөлік-санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды уақтылы өткізудің кепілі. Департаменттің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін Министрлік 2020 жылы біздің облысымыз үшін 5   автокөлік сатып алды. Қазіргі уақытта облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында 20  автокөлік бар.

Фото: ашық дереккөздерден.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz