СҚО-да сауда орындарында жарамдылық мерзімі өткен тауарлар сатылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында санитар  дәрігерлері жыл басынан бері 2,8 мыңнан астам өнім үлгілерін зерттеді. Оның 500-ге жуығы немесе 17% — дан астамы техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеді, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитар  дәрігерлері тамақ өнімдерінің 1,8 мыңнан астам сынамасын зерттеді. Оның 255-і немесе шамамен 14% — ы техникалық регламенттер мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келмеді. Бұл топта ең көбі  ұн және жарма өнімдері арасында  — 30%, ЕТ — 28%, құс және балық — 22%, кондитерлік өнімдер-7%.

Азық-түлік емес тауарлар санатындағы  1008 сынамадан   242 бұзушылық     анықталды. Оның ішінде  киім мен аяқ киімнің 73% — ы, балалар ойыншықтарының  54% — ы, парфюмерлік-косметикалық құралдарға және ауыз қуысының гигиенасына арналған заттардың 6%-ы талапқа сай емес.

— 439 сынаманы  зерттеулердің нәтижелері бойынша сәйкес келмейтін өнімнің   ең көп пайызы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үлесінде, яғни  — 53% талаптарға сай келмейді. Көбінесе – сынамалардағы  -бұзушылықтардың  81% — ы өнімдер мен тауарларды таңбалау кезінде анықталады. Оның ішінде мемлекеттік тілге аударманың болмауы, дайындалған күні мен сақтау мерзімі, дайындаушының атауы мен орналасқан жері және басқалары көрсетілмеген. Сынамалардың 6%-дан астамы физика — химиялық көрсеткіштер бойынша, 1,7% — микробиологиялық көрсеткіштер бойынша және 2,2% — қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша, яғни жарамдылық мерзімі өткен өнімдер бойынша сәйкес келмеді,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz