Еліміздің Спорт және мәдениет министрлігі жылды қорытыныдылап, «Жеңімпаз рухы» сыйлығының иегерлерін анықтады. 14 аталым бойынша үздік спортшы және үздік бапкер атағына лайықты азаматтардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жерлесіміз пара шаңғышы Александр Герлиц қысқы спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы атанса, оның жаттықтырушысы Антон Жданович үздік бапкер аталымында жеңіске жетті. Естеріңізге салсақ, биыл Александр Бейжіңде өткен 13-ші Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан қола жүлдеге қол жеткізді. Сондайқ-ақ Әлем кубогында үшінші орында тұрақтады.
Фото: ашық дереккөздерден.