Қызылжар ауданында «Малиновка усадьбасы» демалыс базасындағы екі қабатты үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
⠀Өрт туралы хабарлама 23 желтоқсанда сағат 05:30-да түскен. Оқиға орнына дереу Петропавл қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің екі бөлімшесі жіберілді.
⠀СҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты үй от құшағына оранғандықтан, қосымша күш шақыруға тура келді.
⠀- Өртті 06:28-де ауыздықталып, 07:15-те толық сөндірілді. Өрт сөндіруге 6 техника мен 20-дан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. 120 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй түгел өртеніп кетті, өрттің себебі мен шығыны анықталуда, — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Фото: ашық дереккөздерден.