СҚО әкімі Петропавл 2- ЖЭО иелерімен кездеседі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Петропавл 2-ЖЭО иелері жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржыландыруды ұлғайтуы тиіс деп есептейді. Бұл туралы ол Петропавл әкімінің халықпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айдарбек Сапаров жылу орталығының жұмысы қала тұрғындарын алаңдататын басты мәселелердің бірі екенін атап өтті.

— Қала тұрғындарын жылумен жабдықтау мәселесі толғандырады. Бірінші кезекте, Петропавл  2-ЖЭО  жұмысы. Мен жылу орталығына барып, жедел кеңес өткіздім. 60-жылдары салынған желілер 70% — дан 80% — ға дейін тозған.    Акционерлер 17,5 млрд. теңге бөлді. Биыл 12 млрд. теңге игерілді. Келесі жылы  — 5,2 млрд. теңге. Олар құбыр салуға және қазандық агрегаттарын жөндеуге жіберіледі. Менің ойымша, бұл қаражат жеткіліксіз. Акционерлерді шақырып, күрделі жөндеу мен қаржыландыруды екі есе ұлғайту үшін келіссөздер жүргіземіз. Әйтпесе, келесі жылыту маусымы қиын болады. Алдағы уақытта мұндай проблемалар болмауы үшін жоғары деңгейде дайындық жүргізу керек, — деді облыс әкімі.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz