СҚО-да Жаңа жыл мейрамы қарсаңында орман күзеті күшейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Желтоқсанның 15-нен облыста «Шырша» акциясы бастау алды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптарына рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іс-шараларға СҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері қатысуда. Полицейлер орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны не зақым келтіргені үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК,  орман қорына кіретін ағаштар мен бұталар үшін – 100 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертеді. Келтірілген шығын сомасы 100 АЕК асқан жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

-Сондай-ақ, сауда нүктелері – басты назарда. Сауда жасау үшін тиісті рұқсат құжаты болуы маңызды. Бүгінгі күні заңсыз кесу және сату фактілеріне жол берілген жоқ. Акция желтоқсанның 31-не дейін жалғасады,  — дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы   Айдын Байматов.

Сурет: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz