СҚО-да браконьерлерден шыршаны қорғау үшін 95 мобильді топ құрылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден қорғау мақсатында орманшылар күшейтілген жұмыс режіміне көшті. Браконьерлермен күреске 95 мобильді топ құрылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа жыл мейрамының сәні — шыршаға мереке жақындаған сайын сұраныс артады. Бүгінде қылқан жапырақты ағаштарды саудаға шығарып, сатып жатқандар да бар. Алайда елімізде бұл жасыл желекті кесуге мораторий жарияланған. Сондықтан осы уақытта орманшылардың жұмысы қыза түседі.

– 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін жаңа жыл мейрамына орай қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға алдық. Бұл жұмысқа 50 адам тартылған, олар полицейлермен бірге рейдтерге шығады. Орман шаруашылығында 13 мобильді топ құрылған. Сондай-ақ тағы екі жерде Краснояр және Виноградов орманшылығында стационарлық бекет жұмыс істеп тұр, — дейді Соколовское орман шаруашылығының ағаштарды қорғау және күзету инженері Алексей Кучерявенко.

Маманның айтуынша, жаңа жыл мейрамы қарсаңында бір қылқан жапырақты ағаштың құны 15 АЕК-ке бағаланған, яғни бір шыршаны кессе 45 мың теңгеден аса шығын келтірген болып есептеледі. Заңның қатаңдатылуынан болар соңғы жылдары өңірде қылқан жапырақты ағашты рұқсатсыз кесу фактілері тіркелмеген. Десек те, СҚО орманшылары жылда осы уақытта жұмысты күшейтеді.

– Облыс бойынша 17 стационарлық бекет бар, 95 мобильді топ құрылған. Олар ормандарда ғана кезекшілік етпей, елді мекендерге кіріп, қылқан жапырақты ағашты сатып жатқандардың құжаттарын тексереді. 795 данаға комитетке тапсырыс бердік. Оның 500 данасын Кондратов орман питомнигі бөледі. Қылқан жапырақты ағаштар тек мекемелерге – мектептерге, бала бақшаларға бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін ғана беріледі, — дейді СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының маманы Қайролла Байтеңізов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz