Петропавлдағы жолдарды жөндеуге 4 млрд. теңге бөлінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала көшелерін жөндеуге ерекше көңіл бөлінетінін мәлімдеді,  деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл   М.Жұмабаев пен Горький көшесінің жолы да жөнделе бастады. Мұндағы жұмыстар 2023 жылы толыққанды аяқталатынын мәлім етті шаһар басшысы.

– Биыл орташа жөндеу жұмыстары 2,8 шақырымда жүргізілсе, 27 көшенің ой-шұңқырлары жамалды. Алдағы жылы бұл жұмысқа 300 млн. теңге бағытталмақ. Сондай-ақ менің халықпен есептік кездесуімде облыс әкімі Айдарбек Сейпілұлы жолдарға бағытталған бюджет көлемі 4 млрд. теңгеге жететінін де айтты. Нәтижесінде бір жылдың ішінде 17 көшені жөндеуді жоспарлап отырмыз, – деді Руслан Аңбаев.

Сондай-ақ, қала басшысы көшелерді  қысқы және жазғы күтіп ұстауға,   ағымдағы жөндеу мен шұңқырларды жабуға   бюджеттен    476,3 млн. теңге қарастырылғанын атап өтті.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz