СҚО-да жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

 СҚО-да жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті. 61 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

25 желтоқсан сағат 18 шамасында Жезқазған – Петропавл автожолының 840-шақырымында Николаевка ауылының маңында Chevrolet Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі жол үстінде шанаға жегілген жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан 61 жастағы Есіл ауданының тұрғынын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан шанаға жегілген жылқыны жетектеп бара жатқан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі мас емес. Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz