«Севказэнерго» АҚ кәсіпорындарында 16 экологиялық заң бұзушылық анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да экологтар профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында Петропавл 2-ЖЭО-дағы күл үйіндісі секциясына, «Рощинка» карьеріне барды. Нәтижесінде 16 бұзушылық анықталды,    деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Экология департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзушылықтардың қатарында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттармен белгіленген табиғат пайдаланудың міндетті шарттарын орындамау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс — шаралар жоспарының орындалуы туралы жыл сайынғы есептерді ұсынбау бар.

— Түтін мұржасына  қайта қосу мақсатында жаңа газ құбырларын бөлшектеу және салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндетті талаптары  орындалмаған. Қауіпті қалдықтарды қауіпті емес қалдықтармен араластыруға, құрылыс қалдықтарын басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде экологиялық талаптарды бұзуға жол берілді, — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Заңды тұлғаға жалпы сомасы 4,7 млн. теңгеден астам тоғыз әкімшілік айыппұл салынды.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz