Мәжілісте Тұңғыш Президент туралы заң қаралады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін Мәжілісте Тұңғыш Президент — Елбасы туралы заңның күшін жою құжаты қаралады, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшін жою» Конституциялық заң жобасы қаралады.

Қараша айында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Тұңғыш Президент туралы заң жыл соңына дейін тоқтатылатынын айтқан еді.

Бұған дейін Әділет министрі Қанат Мусин бұл заңның референдумнан кейін тоқтатылуы туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.

-Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алынып тасталғандықтан, сәйкесінше бұл заң да алынып тасталуы керек. Бұл қабылданған түзетулерге сәйкес кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы аясында болады, —  деді Министр.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz