Петропавлда 100 адам қайта даярлықтан өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда келер жылы 80 млн.  теңгеге 100 адам қайта даярлау курсынан өтпек, ал 60 адамға өз ісін ашуға 82 млн. теңге шамасында мемлекеттік грант беру жоспарланған, деп хабарлайды  qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Петропавл әкімі Руслан Аңбаевтың айтуынша, қала тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында бірнеше мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді.

Соның бірі – кәсіпке оқыту. Биыл 86 жұмыссыз оқуға жіберілсе, соның 16-сы жұмыс берушінің базасында жаңа кәсіпті меңгерді. Олар тігіншілер, электриктер, кондитерлер, аспаздар мен сатушылар.

Келер жылы жергілікті бюджеттен 80,2 млн теңге бөліп, 100 адамды оқытып, жаңа мамандық беру жоспарланған.

Ал «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша биыл 260 адам кәсіпкерліктің негіздерін үйренді. Соның 91-і — 101,2 млн теңгенің грантын алды. Олардың 54-і — жас санатына жататындар.

Келер жылы осы мақсатқа 82,2 млн теңге мемлекеттік грант бөлініп, 60 адамға берілмекші.

-Бұдан басқа «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары жұмыс істейді. Жастарға арналған бұл екі бағдарламамен 220 адам қамтылды.

Ал зейнет жасына жақындағандарды жұмыспен қамтуға арналған жоба аясында 6 адам еңбекке араласты. Келер жылы осы үш бағдарламаның игілігін 240 адам көрмек, жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 287,9 млн теңге қарастырылған, — дейді Руслан Аңбаев.

Нәтижесінде биыл 4,8 мың адам тұрақты, 1,2 мыңнан астам адам уақытша жұмыспен қамтылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz