Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев коммуналдық қызметтердің жұмысын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында коммуналдық қызметтердің жұмысын таңертең тексергенін айтты.
– Құрметті қала тұрғындары! Алдағы күндері қалада қалың қар жауып, желдің секундына 21 метрге дейін жетуі ықтималдығы жоғары. Көшеде ұзақ серуендеуден және қаладан алысқа жолға шығудан бас тарту қажет. Құрметті автокөлік иелері, көліктерді жол бойында қалдырмауыңызды сұраймыз, себебі бұл техниканың жұмысын қиындатады, — деп жазды Руслан Аңбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бірінші қаңтарда қала басшысы жаңа жыл қарсаңында коммуналдық қызметтердің жұмысын бақылап, мереке күндері де жұмыс істегендері үшін алғыс айтты.