«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Stopmusor» әлеуметтік жобасының үшінші толқынын жүзеге асыра бастады. Тұрғындарды қоршаған ортаны таза қалыпта ұстауға үгіттейтін шаралар Петропавлда да өтпекші, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жобаның мақсаты – қала тұрғындарының сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, халық арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату мәдениетіне тәрбиелеу арқылы тазалықты сақтауды бойға сіңіру.
«Stopmusor» әлеуметтік жобасының екінші толқынын жүзеге асырған кезде Қазақстан бойынша игілікті іске 4 млн-нан астам адам қатысты. Оның аясында еліміздің әрбір тұрғыны:
— ecokarta.kz немесе Stop Musor мобильді қосымшасы арқылы (AppStore, GooglePlay — да қол жетімді) шағым қалдыра отырып, туындаған экологиялық мәселелерге (өз өңірін қоқысқа тастау, ауа сапасы) назар аударады.
— түрлі және ең қызықты эко іс-шараларға, акцияларға, форумдар мен конкурстарға қатысады.
— жобаның stomusor.kz, www.stopmusor.kz әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы қоқысқа қарсы күрес туралы көбірек біле алады.
«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Stopmusor» әлеуметтік жобасына қатысуға шақырады.