«Qyzyljar» футбол клубының қорғаушысы Юрий Бушман өз мансабын Батыс Еуропада жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Петропавлдық футбол ұжымының жетекші ойыншысы өткен маусымда жақсы ойын өрнегін көрсетіп, клубтың негізгі құрамының белді қорғаушысына айналды. Юрий Бушман өткен маусымда «Қызылжар» командасы сапында 24 матч өткізіп, 7 гол мен 7 нәтижелі пас шығарған.
Алдағы маусымда украиналық латераль еуропалық чемпионаттың біріне ауысуды жөн санап отыр. Оның сөзіне қарағанда, футболшының отбасы Еуропада тұрады және кәсіби қабілетін жетілдіру үшін жаңа біріншілік қажет-ақ.
Юрий Бушман киевтік «Динамо» клубының тәрбилиенушісі. «Qyzyljar»-ға дейін украиналық қорғаушы литвалық «Каунода» ойнаған болатын.
Әзірге, «Qyzyljar» футбол клубы Юрий Бушманға қатысты ешбір түсініктеме ақпаратты бермеуде.