Петропавл әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің мәліметінше, қоқыс шығару қызметіне төленетін тариф 2017 жылдан бері өскен жоқ. Оған қарамастан қала тұрғындарының берешегі азаймай отыр, бүгіндері оның көлемі 25 млн. теңгеден асты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– Қаланың кейбір шағынаудандарында қоқысты шығаруға «Коммунсевер» жауапкершілігі шектеулі жауапты болып келеді. Соңғы жылдары материалдық-техникалық базасы сыр беріп, көліктері жиі сына бастады. Есесіне жанар-жағармай материалдарының бағасы да күрт өсіп кетті. Салдарынан шаһардан қоқыс уақытылы шығарылмады. Есесіне тұрғындар коммуналдық қызмет ақысын төлеуден жалтаруда, — делінген әлеуметтік желілерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің жариялаған ақпаратында.
Бүгіндер облыс орталығында қоқыс шығарумен 4 кәсіпорын айналысады. Олардың қарамағында 24 техника бар.
Фото: ашық дереккөздерден