Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев балағат сөздерді қолданғандарға қарастырылатын жаза түрлері жайында сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Zakon.kz» сайтына сілтеме жасап.
Соңғы күндері әлеуметтік желіде балағат сөздер үшін жауапкершілік күшейді деген тақырыпқа сұрақтар көбейді. Қандай жағдайда балағат сөздер үшін айыппұл салынады, қай тілдегі балағат сөздерге айыппұл қарастырылған сынды сауалдарға ҚР ІІМ-нің өкілі түсініктеме берді.