Петропавлда қоқыс тарифі қымбаттайды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифі екі есеге қымбаттайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында қоқыс тарифінің мөлшерін бекіту туралы қаулы жобасы жарияланды. Онда бұдан былай абаттандырылған үйлердің тұрғындары үшін қоқыс шығару тарифі бір адамға айына 480 теңгені, абаттандырылмаған үйлер үшін – 510 теңгені құрайтыны жазылған. Сондай-ақ заңды тұлғалар үшін – текше метр үшін 2782 теңге болады.

Жалпы Петропавлда қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтерді төрт ұйым: «Коммунхоз Петропавловск», «Моль Сервис» , «Коммун Север» және «Чистый Петропавл» серіктестіктері көрсетеді.Бұған дейін қоқыс тарифін көтеру жобасы талқылауға шығарылған болатын. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі қолданыстағы тарифтер кәсіпорындардың қаржылық қажеттіліктерін қамтамасыз етпейтінін, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасына және қаланың экологиялық жағдайына теріс әсер ететінін түсіндірген болатын. Қатты аяз болғанда компаниялардың бірінде екі техника істен шыққан. Соның салдарынан қаланың кейбір аудандарында қоқыс жиналып қалған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz