«Самұрық-Қазына» таза табысынан «Қазақстан халқына» қорына қаржы бөледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлттық экономика министрлігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза табысынан «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қаражат бөлу қағидасын әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Құжатта «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудиттелген қаржылық есептілік негізінде Қор компаниялары тобының таза пайдасының кемінде 7 пайызы мөлшерінде қаражат бөлетіні жазылған.

Ал Қордың Қоғамдық қорға бөлінген қаражатты беруі Қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту және оның таза табысын бөлу туралы мәселелерді жыл сайын қарау шеңберінде немесе Қордың өткен кезеңдердегі таза пайдасын бөлу шеңберінде қабылданатын Қордың Жалғыз акционерінің тиісті шешімі негізінде іске асырылады.

Талап етілмеген қаражат Қоғамдық қоры талап еткенге дейін Қордың иелігінде сақталады.

Құжат 30 қаңтарға дейін қоғам болып талқылау үшін «ашық нормативтік-құқықтық актілер» сайтында жарияланды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz