Қала тұрғыны өзіне пәтер берілгенін білмей қалды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда тұрғын үйді бөлу кезінде келеңсіз жағдай орын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың тамыз айында Петропавл тұрғынына жалға берілетін үйден пәтер берілуі тиіс еді. Кейін белгілі болғандай, құжат жүзінде баспана кілті де табысталған көрінеді. Десе де құтты қоныс иесіне бұл қуаныш жетпеді. Аталған мәселе тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін ғана шешілді.

— Тұрғын үйлерді бөлу сұрағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілді. Өткен жылдың төртінші тоқсаны ішінде департаментке келіп түскен шағымдар мен өтініштердің мониторингі азаматтардың әртүрлі әлеуметтік санаттарынан тұрғын үй алу кезінде шешілмеген мәселелердің бар екендігін куәландырады. Бұған дейін облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына ауыл шаруашылығы, жолдар мен инфрақұрылым, экономика және қаржы енгізілген болатын, — деп атап өтті СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz