Солтүстікқазақстандық режиссер Дамир Мәкімкенов қазіргі қоғамның әлеуметтік және өзекті мәселелерін қозғайтын қысқа метражды фильмдер түсіреді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Актерлік шеберлік мектебін ашу бастамасымен режиссер Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сара Адаеваға жүгінді. Режиссердің айтуынша, ендігі мақсаты – Петропавлдан Бескөл қаласына кәсіби оқытушыларды тарту. Аталған үйірмеге қатысушылар аптасына бірнеше рет ақылы негізде театр сахнасының трюктерін үйрене алады.
Сара Адаева жас режиссердің идеясын құптап, сабақтарды өткізу үшін аудитория мен жеке кабинет ұсынған. Өз кезегінде, Дамир Мәкімкенов маңызды күндерге арналған іс-шараларды жас дарындардың қатысуымен тақырыптық қойылымдармен толықтыратын болады. Қазіргі уақытта 11-сынып оқушыларынан бастап, 25 жасқа дейінгілерді қабылдау белсенді жүргізілуде. Сабақтар аптасына 2-3 рет, ұзақтығы – бір жарым сағатты қамтымақ. Әр топ 10 адамнан тұратынын айта кеткен жөн.