Солтүстікқазақстандық спортшы қыз аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сербияның Белград қаласында аралас жекпе-жектен (ММА) 20-жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтті. Бұл байрақты жарыста солтүстікқазақстандық Матильда Бачурина жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Матильда Бачурина Айыртау ауданының тумасы. Бірнеше жыл бойы жас спортшы ел намысын халықаралық жарыстарда қорғап жүр. Осы жолы Белградтағы ММА-дан өткен әлем біріншілігінде жерлесіміз алтыннан алқа тағынды.

Матильда чемпионатта үш жекпе-жек өткізді. Бірінші кездесуде ол еліміздің өзге өңірінен келген спортшымен күш сынасты. Кейін Украина және Германия мемлекеттері атынан қатысқан бұрымдылардың алдын орады. Нәтижесінде әлем чемпионаты атанды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz