Жерлесіміз Ирина Мишунина халықаралық байқауда Гран-при иеленді

Авторы: Qyzyljar News

Жерлесіміз Ирина Мишунина халықаралық байқауда Гран-при иеленді. Сайыс Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық колледжде өткен. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды бүлдіршіндер жиналды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Аталмыш өнер додасында топ жарғанымды естігенде төбем көкке жеткендей болды. Жағымды әсер алып қайттым. Бұл тәжірибе ұмытылмас естелік болып қалары анық, — дейді сайыс жеңімпазы.

Жеткіншектер хореография, хор, вокал, түрлі аспаптарда ойнау бойынша бақтарын сынады. Біздің өңірдің намысын қорғаған Ирина — Мамлют өнер мектебінің 7 сынып оқушысы. Сайысқа ұстазы Халида Бекшентаеваның жетекшілігімен барған.

–Біз вокал аталымында бағымызды сынадық. Композитор, халық әртісі Латиф Хамидидың «Қазақ вальсы» әнін дайындап апарған болатынбыз. Бұл шығарманы біз мектеп бағдарламасында оқығандықтан сайыста өнер көрсету аса бір қиындық туғызбады. Алматылық өнерсүйер қауымға бұл ән жақсы таныс екен. Оқушым сахнаға шығар алдында қатты қобалжыды. Бірақ көрермендердің қолдауымен барлығы көңілді атмосферада ойдағыдай өтті, — дейді жеңімпаздың оқытушысы Халида Ғалиқызы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz