Петропавлдың 38 жастағы тұрғыны желтоқсан айының соңында үйінен кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 38 жастағы тұрғыны желтоқсанның 21-і күні Новая, 83 көшесіндегі үйінен шығып кеткен.
— Келіншектің бойы 165 см шамасында, арықша келген. Қысқа қара шашты, сұр көзді. Үйден кеткенде үстінде пальтоға ұқсас тігілген қара куртка болған. Басында қара бас киім, қара джинсы шалбар және қара «угги» киген. Ішімдікке салынып кетуі мүмкін. Облыстық волонтерлер Нина Дворецкаяға әлеуметтік желі арқылы іздеу жариялады. Көрген-білгендер 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласа алады,- делінген СҚО ПД баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.
Ал бұған дейін іздеу жарияланған Шынар Байғабұл аман-есен бес күннен кейін табылғанын айта кеткен жөн. 19 жасар бойжеткен ақпанның 20–сы күні таңертең сабағына барамын деп үйден шығып кеткен. Кешке үйіне келмеген соң ата-анасы полицияға хабар беріп, оны іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге волонтерлер де жұмылдырылған еді. Жалпы Петропавлда жыл басынан бері 50-ге жуық адамға іздеу жарияланса, олардың басым бөлігі кезекші тәулік ішінде аман табылып, туыстарымен қауышты.