Мектептерді бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету 2,5 есеге артқан — Оқу-ағарту министрі

Авторы: Qyzyljar News

Үкіметте Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік және оқу процесін цифрландыру тақырыбында отырыс өтіп жатыр. Отырысқа қатысқан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елдегі мектептердің қауіпсіздік жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда қазір мектептерді:

бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету – 2,5 есеге (2020 ж. – 2772, ал 2023 ж. – 6933);

жедел басқару орталықтарына қосылу – 11 есеге (2020 ж. – 500, ал 2023 ж. – 5 986);

лицензияланған күзетпен қамту – 7 есеге (2020 ж. – 275, 2023 ж. – 1 919);

дабыл түймесін орнату – 21 есеге артқан (2020 ж. – 115, 2023 ж. – 2 408).

— Сонымен қатар 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бейнебақылау жүйелерімен білім мекемелері 100% қамтылған. Әкімдіктер оларды нұсқаулықтың жаңа талаптарына сәйкестендіру жұмысын жүргізіп жатыр. Ал жедел басқару орталықтарына 6 мыңға жуық білім ошағы қосылған. Лицензияланған күзетпен 2 мыңға жуық, дабыл түймелерімен 2400-ден аса білім беру нысандары қамтылған. Дегенмен бұл жұмысты мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірқатар өңірлер 2023 жылдың қыркүйегіне дейін толық аяқтауы қажет, — деді Оқу-ағарту министрі.

Министрдің өзінше, бүгінде мониторингтік топ 10 мыңнан аса білім беру ұйымдарының 7 мыңға жуығын қамтыды. Жұмыс наурыз айының соңына дейін аяқталып, нәтижесі министрліктің алқалы отырысында қаралады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz