СҚО ПД-да екі айдың жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел кеңесінде 2023 жылдың екі айындағы өңірлік полиция жұмысының қорытындысы шығарылды. Оған ПД басшылығы, басқармалар мен бөлімдердің бастықтары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режімінде аудандық полиция бөлімдерінің басшылығы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Криминалдық және әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтері басқармаларының бастықтары баяндама жасады. Облыстық полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдұлдинов интернет-алаяқтық фактілерін ашу және алдын алу бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аудару қажеттілігін атап өтті.

Бұл әсіресе көктайғақ пен маусымаралық кезеңге қатысты. Осы бағыттағы жұмысты күшейту тапсырмалары бейінді басқармалардың, аудандық бөлімдердің бастықтарына, сондай-ақ қалалық және облыстық патрульдік полиция батальондарының командирлеріне берілді.

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов шетелдік автомобильдерді заңдастыру барысы туралы баяндады. Бұл жұмыс облыста жолға қойылған: әкімшілік полицейлер жергілікті жерлерде ғана емес, әлеуметтік желілерде де жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін аталған тақырып бойынша кеңес алу үшін полицияның процессингтік орталығының Call-орталығына 8 (7152) 32-00-22 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау жөніндегі жұмыс туралы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов баяндады. СҚО ПД бастығы облыстың шекаралас аудандарында: Ақжар, Мамлют және тағы басқа осы желі бойынша бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты күшейтуге нұсқау берді. Бұдан басқа қалалық полиция басқармасының басшылығына облыс орталығының аумағында қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша жұмыстарды жандандыруға қатысты нақты тапсырмалар берілді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz