Петропавлдағы сауда орталығының бірінде «Күлімдеп көктем туғанда» атты көрме ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына Е.Серкебаев атындағы өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің тәрбиеленушілерінің қыл қалам туындылары ұсынылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljartv.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Көрмеге өнер мектепбінің оқушылары натюрморт, сюжеттік композиция, пейзаж, декаративті композиция жанрларында салған суреттер қойылды.
— Бұл көрмеге 20 оқушы қатысып жатыр. Әрбір тәрбиеленушіміз бір жұмыстан ұсынды, – дейді Е.Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені директорының орынбасары Ғалия Ғалаутдинова.
Көрме наурыздың 16-на дейін жұмыс істемек.