СҚО-да су тасқыны болуы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны өткен жылмен салыстырғанда бір апта бұрын болуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамиль Камалов брифингте өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты екенін айтты. Бүгінгі таңда егістіктерде қардың жылдам еруі әлі байқалмаған. 25 наурыздан кейін жағдай өзгеруі мүмкін.

— Болжам бойынша, 25 наурыздан кейін ауа райы күрт жылынады. Салдарынан су тасқыны болуы мүмкін, — деді Рамиль Камалов.

Облыстың бас құтқарушысының айтуынша, еріген қар суы қауіп төндіреді. Бүгінде су тасқынын болдырмау мақсатында өңірде кешенді жұмыстар атқарылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz