Петропавл аумағында су сору жұмыстары жүргізілуде

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Петропавл көшелерінде 47 бірлік техника, 24 мотопомпалар және «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» коммуналдық кәсіпорны жеке құрамының 90 адамы жұмыс істейді.

— Жеке құрамның 84 адамы, 43 бірлік техника және 24 сорғыш құрылғы жұмылдырылды. Бір тәулік ішінде қалада шамамен 20 мың текше метр су сорылды. Ең алдымен, сусорғыш техникасы суды су басуға бейім жерлерден тазартады. Қазіргі таңда Рабочий кенті, Береке, Подгора, Солнечный-2 шағын аудандарында жүргізілуде. Жергілікті су тасқынын жою жұмыстары 13 наурызда басталды,-делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Петропавлда су тасқыны кезеңінде жанар-жағармай және инертті материалдар қоры, үш мектептің базасында құрама эвакуациялық бекеттер дайындалды. Схемалар жасалып, тіркеу журналдары құрылды. Эвакопункттердің ұйымдастырушылық жұмысына жауапты тұлғалар анықталды. Қаланың ветеринарлық стансасы наурыз айының басынан бастап тұрғын үй аулаларын айналып өтті. Су басқан аумақтардан жануарларды эвакуациялау үшін уақытша орындар дайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz