«Qulager» жастары финалда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден жастар командалары арасындағы ел біріншілігінің финалына «Qulager» клубы шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жас солтүстікқазақстандық хоккейшілер жартылай финалда «Ақтөбе» командасына қарсы бес кездесу өткізіп, 3 рет жеңіске жетіп, 2 ойында есе жіберген болатын. Шешуші матч Ақтөбе қаласында қаласында ұйымдастырылып, жерлестеріміз алаң иелерінен 2:3 есебімен басым түсті.

Жартылай финалдың соңғы ойынында құлагерліктер сапында нәтижелі соққыларды Данила Пиниди, Никита Селезнев пен Павел Анисимовтар жасады. Ал «Ақтөбе» клубында шайбаларды Владислав Плотников пен Михаил Калиниченко соқты.

Қос команда да жеңіске жету үшін аянған жоқ. Сондықтан болар, ойында алма-кезек қауіпті шабуылдармен өтті. Қуанышымызға орай, құлагерліктер алғаш рет ақтық сынға жолдама алды. Енді солтүстікқазақстандық клуб алтын үшін елордалық «Барыспен» таласқа түседі. Финалдың бірінші және екінші туры наурыздың 29-ы мен 30-ы Астана қаласында,  кейін қарымта ойындар Петропавлда сәуірдің 2-сі мен 3-і өтеді деп жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz