Бокстан Сербияның Белград қаласында 60-шы халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстанның былғары қолғап шеберлері де қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жарысқа 20-ға жуық елдің боксшысы қатысты. Ерлер өз араларында, әйелдер өз араларында мықтыны анықтады. Дүбірлі сайыста Ұлттық құрама сапында солтүстікқазақстандық спортшы Наталья Богданова да болды. Жерлесіміз турнирде 66 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдегер атанды.
– Наталья үш кездесу өткізді. Жартылый финалда сербиялық қарсыласымен жұдырықтасып есе жіберді. Келесі бәсекеде бұдан да жоғары нәтижеге көрсетуге тырысамыз, – дейді спортшының жеке бапкері Дастан Қабденов.