Солтүстікқазақстандық муай-тайшылар 12 медаль еншіледі

Авторы: Qyzyljar News

Түркияның Анталия қаласында муай-тайдан IFMA Antalya ашық кубогы өтті. Жастар мен жасөспірімдер күш сынасқан жарысқа облысымыздан 14 спортшы қатысты. Нәтижесінде 5 алтын, 3 күміс пен 4 қола жүлде қоржынға түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Халықаралық жарыста жерлесіміз Руслан Заякин де өнер көрсетіп, 71 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен ол екінші орынға ие болды.

— Аталған жарыста 4 кездесу өткіздім. Алғашқы қос кездесуде жергілікті спортшыларды ұттым. Финалға жолдаманы франциялық спортшымен сарапқа салдық. Ол сында да менің жолым болды. Алтын үшін кездесуге иығымның жарақатына байланысты шыға алмадым. Күміс медальдің өзі бір нәтиже,- дейді муай-тайдан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Руслан Заякин.

Бұл байрақты бәсекеге қатысқан Әлихан Қонысбайдың шеберлігін айта кеткен жөн. Небәрі 11 жастағы жеткіншек турнирде 3 түрік спортшысымен кездескен. Жартылай финалға дейін қос жергілікті муайтайшыны айқын басымдықпен жеңіп финалға жолдама алған.

– Шығыс жекпе-жегін өзімді қорғау үшін таңдадым. Алғаш рет залға келген кезде бұндай жетістіктерге жетемін деп ойламаған да едім. Көп тер төктім, жаттықтырушыммен аянбай еңбек еттім. Міне, соның нәтижесін көріп отырмын. Енді келесі жарыстарға дайындалатын боламын,- дейді муай-тайдан Анталия ашық турнирінің күміс жүлдегері Әлихан Қонысбай.

Жалпы, жарысқа 40 елден 700-ге тарта спортшы қатысты. Теріскейлік шеберлер байрақты бәсекеде өздерін жақсы қырынан көрсетті. Ел құрамасы жалпы командалық есепте 2-ші орын алды Бұл жергілікті спортшылардың биылдыққа соңғы жарысы. Келер жылы өз жорықтарын ел біріншілігінен бастайды. Содан кейін әлем чемпионатында бақ сынамақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz